Accessibility links

Бакудан Грозныйға қарай ұшқан жолаушылар ұшағы Ақтау маңына құлады


Ақтау маңындағы ұшақ апаты. Скриншот
Ақтау маңындағы ұшақ апаты. Скриншот

25 желтоқсанда Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының маңына жолаушылар ұшағы құлады. Баку қаласынан шыққан ұшақ Грозныйға бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, Грозныйда тұман болғандықтан ұшақ әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға қонбақшы болған.

Қазақстан төтенше жағдай министрлігінің мәліметі бойынша, ұшақта экипаждың бес мүшесін қосқанда 69 адам (Әзербайжан әуе компаниясы экипаж мүшелерін қоспай, 62 адамның тізімін жариялаған) болған. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 29 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Кейбірінің жағдайы ауыр екені хабарланды. Зардап шеккендердің екеуі - бала.

Қазақстан көлік министрлігінің мәліметінше, бортта Әзербайжанның – 37, Қазақстанның – 6, Қырғызстанның – 3, Ресейдің 16 азаматы болған.

Қазақстан көлік министрлігі ұшақ апатына байланысты арнайы тергеу жүргізіледі деп хабарлады.

“Ақтау қаласы маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан рейсті ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Арнайы тергеу жүргізіледі” деп жазылған министрліктің хабарламасында.

"ҚазАэроНавигация" болжамынша, ұшақ әуеде құстарға соғылып, басқару құрылғысының бұзылуынан апатқа ұшыраған болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG