Accessibility links

Алматыда 20 жастағы кикбоксшыны өлтіріп кеткені хабарланды


Полиция бөлімі. Көрнекі сурет.
Полиция бөлімі. Көрнекі сурет.

Алматыда 20 жастағы жігіттің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Күдікті бірден ұсталып, изоляторға қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, өзара таныстар дауласып, нәтижесінде бірі пышақ ұрған" деді полиция өкілдері.

Полиция басқа мәлімет айтпады.

"За нами уже выехали" телеграм-арнасының жазуынша, қаза болған жігіт – 20 жастағы кикбоксшы Әли Серік.

Әлеуметтік желілер де спортшының қаза болғанын жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG