Accessibility links

Украина омбудсмені: Ресей сарбаздары тұтқынға түскен бес солдатты атып тастаған


Ресей сарбаздары тұтқынға түскен бес украин сарбазын атып өлтірген деді Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі комиссары Дмитрий Лубинец.

Бұл оқиғаның дроннан түсірілген видеосы жақында ресейлік телеграм-арналарда тараған. Лубинец видеоның шын екенін растады, бірақ оқиға нақты қай жерде және қай уақытта болғанын айтпады. Омбудсмен қылмысқа дәлел болатын айғақтарды БҰҰ мен Халықаралық Қызыл крест комитетіне жіберуге уәде берді.

Ресей қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға байланысты түсініктеме берген жоқ.

  • Ресей Украинаға басып кіргелі Украинаның Бас прокуратурасы әскери және ел қауіпсіздігіне қарсы жасалған қылмыстар бойынша 170 мыңға жуық қылмыстық іс қозғаған. Басым бөлігі, шамамен 145 мың іс – соғыс заңы мен ережесін бұзу фактілері бойынша ашылған.
  • Ондайға Ресей армиясы сарбаздарының әскери тұтқындарды өлтіргені (кейінгі уақытта мұндай жағдайлар саны күрт өскен), тұтқындарға қатыгездік көрсету және халықаралық құқық тыйым салған қару қолдану жатады.
  • Қараша айында Украина билігі Ресей күштерінің майданда 124 тұтқынды өлтіру фактісі бойынша 49 қылмыстық істі тергеп жатқанын ресми түрде хабарлады.
  • Ресей билігі қылмыс туралы айыптауларға қатысты пікір бермейді я жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG