Рождество мерекесі қарсаңында Ресей Украина қалаларын ракеталармен атқылады. Украина Курск облысындағы қалаға шабуылдап, төрт адам мерт болды. Америкалық басылымдар Зеленский соғысты аяқтауға бейіл деп жазды. Соғыстағы ахуал. 24-25 желтоқсан.
Ресей әскері Украина қалаларына "тыныш әрі жылдам шабуыл" ұйымдастыру үшін электр "самокаттарды" қолданып жүр. Ресей халыққа әуе шабуылынан қорғану керегін хабарлау үшін үй домофондарын пайдаланбақ.