Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Қаңырап қалған қалалар
25 наурыз 2020 жыл, 14:18
Азаттық радиосы
Коронавирус қатты тарап, әлем елдері шетінен карантин жариялап жатыр. Әдетте туристер аяғы көп орындарда қазір адам жоқтың қасы. 25 наурыздағы дерек бойынша, әлемде 423 мың адам коронавирус жұқтырып, 19 мыңдай адам қаза болды.
1
Париждегі Эйфель мұнарасы. 17 наурыздан бастап Францияда адамдардың көшеге себепсіз шығуына тыйым салынған. 25 наурыздағы дерек бойынша, бұл елде 22 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.
2
Меккедегі Қағба. Сауд Арабиясы да 17 наурыздан бастап адамдар көп жиналатын шараларға, намаздарға тыйым салған. Қазір бұл елде вирус жұқтырғандар 760-тан асып кетті.
3
Нью-Йорк қаласында Таймс-сквер. АҚШ-та 55 мың адамнан вирус табылды. ДДСҰ коронавирустың келесі эпицентрі АҚШ бола ма деп қауіптенеді.
4
Сидней қаласы. 25 наурыздағы дерек бойынша, Австралияда 2300 адамнан вирус табылды.
5
Лондондағы Трафальгар алаңы. Ұлыбритания билігі 24 наурыздан бастап үш аптаға елде карантин жариялады.
6
Прагадағы Карлов көпірі. 25 наурыздағы дерек бойынша, бұл елде 1400-ден астам адам вирус жұқтырып, бес адам қаза тапты.
7
Осака қаласы. 25 наурыздағы дерек бойынша, Жапонияда 1 200 адамнан вирус анықталды.
8
Венеция қаласы. 25 наурыздағы дерек бойынша, Италияда 6 800 адам дерттен қаза болды. Бұл елде 60 мыңнан астам вирус жұқтырды.
9
Ашкелон қаласы. 25 наурыздағы дерек бойынша, Израильде екі мыңдай адам Covid-19 дертіне шалдықты.
10
Берлиндегі Жандарменмаркт алаңы. Қазір бұл елде 33 мыңнан астам адам дертке шалдығып, жүзден астамы қаза болды.
11
Дэгу, қаласы. Оңтүстік Кореяда 9 мыңнан астам адам дертке шалдыққан. Кейінгі күндері бұл елде вирус жұқтырғандар саны азайып келеді.
Қаңырап қалған қалалар
Пікірлерді көріңіз
ПІКІРЛЕР
XS
SM
MD
LG
ПІКІРЛЕР